Ұлыбританияда коронавирус инфекциясының омикрон деп аталатын штамынан алғашқы адам өлімі тіркелді.
Бұл туралы Премьер-Министр Борис Джонсон хабарлады.
«Өкінішке қарай, омикрон-штамын жұқтырғандардың жаппай ауруханаға жатқызылуын байқап отырмыз. Осы штамды жұқтырған бір науқас қайтыс болды», — деп «Известия» басылымы Ұлыбритания үкіметінің басшысының сөзін келтіреді.
Осы уақытқа дейін вирустың осы нұсқасын жұқтырған науқастың қайтыс болғаны туралы хабарланған жоқ. Штамм «тірі вакцина» болуы мүмкін деген болжам болған.
24 қарашада британдық ғалымдар коронавирустың B.1.1.529 атауы жаңа штамы пайда болғанын хабарлаған, кейін ол «омикрон» деп аталды. Алғашқы жұқтыру жағдайлары Ботсванда тіркелді, көп ұзамай Оңтүстік Африкада тағы бірнеше оқиға тіркелді. COVID-19 омикрон-штаммы әзірге жеткілікті зерттелмеген, бірақ иммунитеті мықты адамдар оны қайта жұқтыруы мүмкін.
12 желтоқсанда вирустың аталған нұсқасы 63 елде анықталғаны белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға 1 желтоқсаннан бастап ПТР-тесті нәтижесі теріс болған жағдайда ғана кіруге болады. Елімізде әзірге жаңа штам анықталған жоқ.