Әзірбайжан президенті Олжас Сүлейменовті марапаттады

Әзірбайжанда Олжас Сүлейменовті «Шараф» орденімен марапаттады.

Ел Президенті Илхам Әлиев Қазақстан ақыны Олжас Сүлейменовтың түркі халықтары арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

«Президент Ильхам Әлиев Олжас Сүлейменовті Әзербайжан халқының үлкен досы, бауырлас Қазақстан мәдениетінің ірі өкілі, қоғам қайраткері ретінде білетінін атап өткен. Мемлекет басшысы қазақ ақыны Әзербайжанға әрқашан қолдау көрсеткенін баса жеткізген. Ол сондай -ақ, Олжас Сүлейменовтің Әзербайжан мен Армения арасындағы шиеленісті шешуде де әрқашан қолдау көрсеткенін айтқан. Ильхам Әлиев көрнекті ақын ең қиын кездерде де өз тамырына, халқына адал болғанын және Қазақстанның табысты дамуы үшін бәрін жасағанын атап өткен.

Бұл ретте Әзербайжан президенті Олжас Сүлейменов пен Гейдар Әлиев арасындағы достық қарым-қатынас пен кездесулерді еске түсіріп, Олжас Сүлейменовті таланты мен қоғамдық белсенділігі үшін құрметтейтінін де жеткізді.

«Ал, өз кезегінде белгілі ақынымыз, түркі әлемі елдерін шоғырландыру, түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда күш-жігерін жұмсап жүрген көрнекті тұлға Олжас Сүлейменов әзірбайжандық «Шараф» орденімен марапатталғанын мақтан тұтатынын атап өтіп, Ильхам Әлиевке ризашылығын білдірді. Ол 44 күндік Отан соғысы барысында Әзірбайжан жерлерінің босатылғана ризашылығын білдірді. Қазақтың көрнекті ақыны бұл Жеңіс — түркі әлемінің кезекті ірі жетістігі екенін және ол тарихқа енетінін айтты», — делінген жарияланымда.

Добавить комментарий