Олжас Ордабаев: «Жоғары оқу орындарының рейтингі тұрақты болды, неге көлік және логистерді оқыту мүмкіндігінен айыру керек?»

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ бас лицензиясынан айыру туралы ҚР БҒМ шешіміне қатысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, ЖОО рейтингінде университет көрсеткіштері тұрақты болды. «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ бас лицензиясынан айыруға ешқандай себеп болған жоқ, деп есептейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізетін ЖОО рейтингісінде аталған университеттің көрсеткіштері тұрақты болды.

«БАҚ-тағы жарияланымдарға қарағанда, негіз ретінде «Атамекен» ҰКП рейтингі көрсетілген. Сондықтан түсіндірме беру қажет деп санаймын. Академиялық «компонентте» ҚазККА көрсеткіштері ұқсас оқу орындарынан анық нығайды. ҚазККА 14 мамандық бойынша рейтингке түсті: олардың алтауы жұмыс берушілердің талаптарына сай келеді, жетеуі пысықтауды талап етеді, біреуі сәйкес келмейді. Мысалы, бейіні ұқсас университетте 14 білім беру бағдарламасының екеуі талапқа сай келеді, сегізі пысықтауды талап етеді, төртеуі сәйкес келмейді», — деп атап өтті Олжас Ордабаев.

Ұлттық палата өкілінің пікірінше, осы жоғары оқу орнынан лицензияны қайтарып алуға еш себеп болған жоқ. Ұлттық палатаның зерттеу нәтижелері бойынша оқу орны бойынша түлектерді жұмысқа орналастырудың орташа деңгейі 75%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш мамандықтар бөлінісінде өзгереді: «Көлік құрылысы» — 90,9%, «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» — 87,5%, «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» — 88,1%. Процедуралық бұзушылықтар болуы мүмкін, бірақ оларды түзетуге болады.

«Тасымалдаушылар мен логистерді негізгі кадрлар ұстаханасынан айырудың қажеті не?»- деп жазды Олжас Ордабаев «Фейсбук» желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР БҒМ академияда бір жыл бойы жүргізіліп жатқан жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер туралы хабарлаған болатын.

Атап айтқанда, бейіндік министрліктің деректері бойынша оқу орны тиісті профессорлық-оқытушылық құраммен, өндірістік практика базаларымен, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қажетті көлемде қамтамасыз етілмеген. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің талаптарына сай келмейді, бұл түлектердің жұмысқа орналасу деңгейіне әсер етті.

Добавить комментарий