Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің отырысында талқыланды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді. Бұл министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдерді әзірлеу.

Кеңес төрағасы болып экономист, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформалар мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды. Күн тәртібі бойынша ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шаимова сөз сөйледі. Оның айтуынша, сапа мен тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік аппаратты басқарудың құзыретті тәсіліне көшіру жоспарлануда.

Бұл ұйымдық құрылымға икемділік береді және мемлекеттің экономикалық күн тәртібінің трендтерін ескере отырып, мемлекеттік органдар құрылымында «жұмсақ» департаменттер құруға мүмкіндік береді. Отырысқа қатысушылар қойылған міндеттерді нәтижелі шешу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты.

Экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов ұсынылған шараларды іске асыру тетіктері жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша нәтижелерге қол жеткізуге бағытталатынын атап өтті. Құзыреттілік тәсіл қабылданатын шешімдерге жеделділік береді, өйткені басқарушылық шешімдерді қабылдаудың бір ғана деңгейі болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Руслан Дәленов Президенттік кадр резервінің резервшілерімен кездесуінде Басқарушы кеңестің құрылғаны туралы хабарлады, сондай-ақ аталған кеңеске кадр резервінен өкілді енгізу туралы жоспарын айтты. Бүгінгі отырысқа резервшілер қатысты.

Кеңестің міндеті мемлекеттік саясаттың жетекшілік ететін басым салаларында қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу болып табылады.

Басқарушы кеңеске Министрлік басшылығынан басқа (қаралатын мәселелердің құзыретіне сәйкес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформалар мониторингін талдау орталығының мүшесі О.А. Құдайбергенов, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, төрағасы Ошақбаев Р.С., «DAMU Research Group» ЖШС басшысы Айсауытов Т.С., ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды бағалау және мониторингілеу орталығы жанындағы сараптамалық-талдау тобы жетекшісінің орынбасары Елекеев Е.И. кіреді.

Добавить комментарий