«ҚазАвтоЖол» хабарлағандай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты сағат 20:00-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін үш автожол жабылды.
Алматы облысында көрінудің нашарлауы барлық көлік түрлері үшін жолдарда қозғалыс жабылды.
Көкпек-Кеген-Түп, 0-72 шақырым, Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін;
Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас, Байсейіт ауылынан Шонжы ауылына дейін 130-230 шақырым.
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінің өздігінен түсу қаупі орын алғандықтан Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов жолының 6-166 шақырымы, Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
«Автожолдарды қардан тазалау үшін 420 бірлік жол — пайдалану техникасы және 540-тан астам қызметкер жұмылдырылды», — деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».