Қойылған мақсат қаражатты ақтап жатыр ма? ЕО Ресейге қарсы санкциялардың жетінші пакетін жариялауға дайын

Қойылған мақсат қаражатты ақтап жатыр — бұл кең таралған қанатты сөз. Көбінесе бұл қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін жағымсыз әрекетке баратынын білдіреді және жасалған жағымсыз әрекетті жақсы қылып көрсетіп, қол жеткізген нәтижені алға тартады. Ресей президенті Владимир Путин дәл осылай ойлап, Украина аумағына баса-көктеп кіру туралы шешім қабылдаған сыңайлы. Бұған оның наурыз айында, соғыс басталғанына шамамен бір айдан кейін айтқан айтқан сөздері дәлел.

«Соғыстың басталғанына 5 айдың жүзі өтті, Украинаның барлау қызметінің мәлімдемелеріне сәйкес қаза тапқан ресейлік сарбаздар саны 40 мыңға жақындап қалды. Осы уақыт аралығында РФ бірнеше аяусыз қадамға барды, бірақ қойған мақсатына қол жеткізе алмады. Ресей президенті шалыс басты. Оның қабылдаған шешімдері ауыр салдарға алып келді. Ресей Федерациясының азаматтары жағымды нәтиже болады деп күтпей-ақ қойса болмайды», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Соғыстың басталғанына 5 айдың жүзі өтті, Украинаның барлау қызметінің мәлімдемелеріне сәйкес, қаза тапқан ресейлік сарбаздар саны күн сайын артып барады

Украиналық БАҚ Винница және Кременчуга қалаларындағы сауда орталықтарына зымыран шабуылдары жасалғанын хабарлады.

«РФ көшбасшысы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғарыда атап өтілгендей, он мыңдаған отандастарының өмірін қиды және мұнымен тоқтайтын түрі жоқ, себебі «арнайы операция» тоқтатылмайтын сыңайлы. Қазір Ресейдің әскери қолбасшылығы соғыс алаңындағы адам ресурстарының орнын толтыру үшін бар күш-жігерін салып жатыр, сондай-ақ ұрыс қимылдарында қолдану үшін ескірген әскери техниканы қайта қалпына келтіруде. Ресей әскері едәуір шығынға ұшырады», — деп жазады украиналық сарапшылар.

Олар соғыс қимылдары жалғаса беретін болса, бүкіл әлем Ресейге қарсы санкциялар салатынын айтты. Мысал ретінде батыс елдері РФ-ның кірістерін азайту үшін энергия ресурстарының бағасын шектеуді талқылап жатқаны, Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакеті дайындалып жатқаны туралы хабарламалар келтірілген. Бұл жетінші санкциялық пакет болады.

Соғыстың басталғанына 5 айдың жүзі өтті, Украинаның барлау қызметінің мәлімдемелеріне сәйкес, қаза тапқан ресейлік сарбаздар саны күн сайын артып барады

«Шектеу шараларында мемлекеттің энергетикалық емес ірі экспорты болып табылатын ресейлік алтынды импорттауға тыйым салу және РФ-ға экспорттауға тыйым салынған қос мақсаттағы тауарлар тізімін ұлғайту қамтылады деп күтілуде. Мәскеу ұрыс қимылдарын тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ — бұл РФ-ға қатысты санкциялардың пакеті әлі де жалғасатынын білдіреді. Агрессор елдің экономикасы құрдымға кетіп, соның салдарынан Ресейде ел азаматтарының күнкөріс деңгейі күрт нашарлайтын болады», — деп мәлімдейді украиналық экономистер.

Добавить комментарий