Одессада зымыранның сынығы құлаған жерде бірнеше өрт шықты. Қаладағы гипермаркеттердің бірінің өртенуі салдарынан үш адам қаза тапты.
Бұл туралы Одесса облыстық әскери әкімшілігінің төрағасы Олег Кипер хабарлады.
«Одессадағы жау күштерінің шабуылы салдарынан зымыран сынықтары құлап, бірнеше өрт шықты. Ғимараттарда жарылыс толқынынан терезелер сынған», — делінген оның әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында.
Кипердің айтуынша, оккупанттардың шабуылы салдарынан үш адам зардап шекті, оларға медициналық көмек көрсетілді.