Одессада электр энергиясын үнемдеу режиміне қарамастан, Тарас Шевченко атындағы саябақта жаңа мұз айдыны ашылды.
Атап өтілгендей, оған қызмет көрсететін жабдыққа ондаған киловатт электр энергиясы кетеді. Сондай-ақ қалада луна-парк. жұмыс істейді.
«Одессаның жүз мыңдаған тұрғыны тәулік бойы электр жарығынсыз отыр, ал саябақта барлық сырғанақтар, шолу дөңгелегі… барлығы жаңа жылдық шырша сияқты жарқылдап, жұмыс істеп жатыр.
Маңайдағы көшелер мен үйлер қара түнекке оранған: Одесса тұрғындарында жарықтың бар-жоғын терезелерінен қарап білсе болады. Көрішелс көшедегі наубайханада сатушылар шам жаққан», — деп жазады жергілікті ақпараттық портал.
Украиналық БАҚ жексенбі күні саябақта мұз айдыны ашылғанын хабарлады. Және «мұзды өндіру және күтіп ұстау жабдығына орасан зор шығындар жұмсалатынын және электр энергиясы көп кететінін» еске салады.
Ойын алаңынан 50 метр жерде «Маразлиевская» жаңа Одесса трансформаторлық қосалқы станциясы орналасқан, бірақ одан элект энергиясы тек луна-паркке ғана беріледі.