Одесса билігі Екатерин.ІІ ескерткішін бұзуға келісті.
Бұл туралы халық қалаулысы Алексей Гончаренко Telegram-да хабарлады
«Одессадан тамаша жаңалық келді. Одесса қалалық кеңесі Екатерина ескерткішін бөлшектеу және басқа жерге көшіру туралы шешімді қолдады».
Халық қалаулысының мәліметі бойынща, тиісті шешімді 43 адам қолдап дауыс берді. Аталған шешімге ешкім қарсы дауыс берген жоқ. Осылайша саясат өнерді жеңді.
Сонымен қатар, қала басшылығы Александр Суворовтың ескерткішін бұзуды — 41 дауыс «жақтап» дауыс берді.
Қала сайтында «Одессаның негізін қалаушылар» мен Суворовтың ескерткіштері уақытша Одесса көркемөнер мұражайына көшіріледі деп хабарланған.
Одесса мэрі Геннадий Труханов бұл шешімге қатысты пікір білдірді: «Біздің мұражайымыз Украинада ғана емес, бүкіл әлемде танымал».