Одесса Илон Маскке Starlink бергені үшін алғыс білдірмейтін болды. Қалалық кеңестің шешімі бойынша оның суреті бейнеленген билбордтар алынып тасталады, олар бұрын УҚК-ға көмегі үшін алғыс ретінде қойылған болатын.
«Коммуналдық қызметкерлер Украинаны қолдағаны үшін алғыс ретінде америкалық бизнесмен мен Tesla және Space X компанияларының негізін қалаушы Илон Масктің сүреті ілінген билбордтарды алып тастайды», — делінген Украинаның интернет-басылымдарында.
Еске сала кетейік! Илон Маск Twitter-де Қырым мен Донбасстың тағдыры туралы сауалнама жариялап, РФ мен Украина арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу үшін төрт ұсынысын айтты.