АҚШ-тың контрбарлау қызметінің бұрынғы басшысы Джеймс Олсон The Sun-ға берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы бірқатар сәтсіздіктерге байланысты әскери төңкерістен кейін билік басынан кетуі мүмкін екенін айтты.
Олсонның айтуынша, генералитет, олигархтар мен арнайы қызмет өкілдері Путинге қарсы, егер ол биліктен кетпесе, онда оны күштеп қумақ. Олсон Ресей армиясының Украинадағы шығындары Ауғанстанға кеңестіктердің басып кіру кезіндегі құрбандардың санынан 10 есе көп, ал Путинге қарсы көтерілісті оразан зор адам шығынына наразылық білдіріп отырған генералдар бастауы мүмкін екенін айтып отыр.
Сарапшы Путинді «биліктен қуғаннан» кейін Украинадағы соғыс дереу тоқтайтынын, ал әскердегі, барлау қызметтеріндегі және олигархтар арасындағы жасырын жүрген оппозиция өкілдері белең алатынын айтты.
Олсон РФ президенті өлтірілуі мүмкін екеніе де айтып отыр және Путин соғыста жеңіске жете алмаса билігін сақтай алмайды деп есептейді. Қазіргі таңда Ресейде Путин 23 жылдан бері билңк басында отыр және 2036 жылға дейін билікте қалуы мүмкін.
2018 жылы өткен сайлауда Путин 76,69% дауыс жинаған, алайда сайлауға келушілер 67,54%-ды құрады, ал 2024 жылғы президенттік сайлауда ол көп дауыс жинауға үмітті.