Коронавирусқа қарсы «Спутник Лайт» вакцинасын Орталық Азиядағы тағы бір ел қолдана бастайды.
10 мың дозадан тұратын вакцинаның алғашқы партиясы Ашхабадқа келіп түсті. Әкелінген вакцинаны сақтау шарттары талап етілгендей тоңазытқыш камералары бар контейнерлерде ұсталады, деп хабарлайды түрікмен баспасы.
«Спутник Лайт- екінші дозасын салдырмауға болатын ресейлік «Спутник V» вакцинасының жеңілдетілген нұсқасы. Бұл препаратты 23 желтоқсан, бейсенбі күні Түркіменстанның Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігі тіркеп, тиісті сертификат берді.
Брифингте РФ-ның елшісі Александр Блохин Түркіменстанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып, Түркіменстан халқының 80%-ы вакцинациядан өткенін және жаңа партия ревакцинация үшін пайдаланылатынын айтты. Дипломатиялық өкілдік басшысы 2021 жылы Ресей Түркіменстанға «Спутник V» вакцинасының 600 мың дозасын және «ЭпиВакКорона» препаратының аздаған көлемін жеткізгенін еске салды.
Қарағандылық фармзавод «Спутник Лайт» шығаруға дайын және Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтуде
Бұған дейін Өзбекстанда да «Спутник Лайт» препаратымен 26 қарашадан бастап вакцинациялайтынын хабарланған болатын.
22 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанға «Спутник Лайт» вакцинасын желтоқсанның соңына дейін жеткізілуі ммкін екенін хабарлады.
«Бүгінде «Спутник Лайт»жеткізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Оптимистік болжам бойынша, «Спутник Лайт» партиясы желтоқсан айының соңына дейін жеткізілуі мүмкін. Мұның бәрі бізге байланысты емес екенін айтып өтейін, қазір әлем бойынша вакцинаға қажеттілік жоғары, сонымен қатар көптеген елдер ревакцинацияны шұғыл түрде бастайды», — деді ол.
Есмағамбетованың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі түрлі вакцина жеткізушілермен үздіксіз келіссөздер жүргізуде.
«Спутник Лайт» Қарағанды фармкомбинатында шығарылуы мүмкін, процесс жүріп жатыр», — деп атап өтті комитет басшысы.
Бұған дейін Қарағандыдағы фармзаводта «Спутник Лайт» вакцинасын шығаруға Денсаулық сақтау министрлігінен нұсқау алған соң дайын екендіктерін мәлімдеген болатын.
«Спутник Лайт» Қазақстанда 2021 жылдың шілдесінде сегіз айға тіркелді.