Ресейде Орталық Азиядан келген екі рэп орындаушысы Шерафган Шарипов (Sheraph ‘gun) және Ислам Закировқа (Рецидив) ұлттық белгілері бойынша (ҚК-нің 282-бабы 2-бөлігі) өшпенділік пен араздықты қоздырды деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Репер Шарипов
Шарипов рэп-баттлда «шаш үлгісі» және «шашты терісімен жұлып алуға» дайын екендігі туралы контроверсиялық сөздер айтты. Олар 2023 жылы шілде айында Электростальда орын алған оқиғағаны келтіреді, сол кезде екі вахташы, оның біреуі Тәжікстаннан келген жасыл ирокезі бар 19 жастағы жігіттің бас терісін жұлып алған.
Зәкіров өз репінде «жүкті орыс әйелді» ұрғанын, оны «ескерту ретінде соққанын» айтты.

Фото: рэп орындаушы Закиров
Рэперлердің видеосы Орталық Азиядан миграцияға қарсы «Многонационал» telegram-арнасында жарияланды. Каналдың авторлары Тергеу комитетіне жүгінгеннен кейін қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ видео үкіметшіл Readovka каналында жарияланды.
17 жасар Закировты ІІМ қызметкерлері ұстады. Кейіннен жарияланған видеода ол өз әрекеті үшін кешірім сұрады.
Күш құрылымдары Закировтың үйінде тінту жүргізіп, оның ұялы телефонын тәркіледі. Тергеушілер баттлға келушілердің де үйінде тінту жүргізіп, телефондарын тәркіледі.
Тергеу комитеті екі рэпер де Орта Азияден келген, қазір Мәскеуде тұратынын атап өтті. «Новая Европа» газетінің хабарлауынша, Шарипов Тәжікстаннан, ал Закиров Қырғызстаннан келген. Қазіргі уақытта олар қай елдің азаматы екені хабарланбаған.
Sheraph ‘gun мен Рецидив өз әлеуметтік медиа профильдерін, соның ішінде «ВКонтакте» мен Instagram-дағы парақшаларын өшірді. BRP BATTLE баттлын ұйымдастырушы өз қызметін уақытша тоқтатқанын жариялады.