Оқушылар көлік өртеді деген күдікке ілінді

Өскеменде көшеде орнатылған бейнебақылау камераларына оқушылардың көлік өртегені түсіп қалған.

Зардап шеккендердің бірі полицияға хабарласқаннан кейін бейнебақылау камерасы арқылы оқушылардың жеке басы анықталды.

Ер адам BMW маркалы көлігін үй маңына қойып кеткен, оған көліктің жанып жатқанын көршілері айтқан.

Полицейлер дәл осылай бұрын тағы екі көлік бүлінгенін анықтаған — Lexus және Nissan.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері бөлімшеге сегіз жастан 11 жасқа дейінгі үш кәмелетке толмаған баланы жеткізді. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 202-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқушылар кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық бап бойынша жаза 21 млн теңгеден астам айыппұл немесе бас бостандығынан айыруды көздейді.

Добавить комментарий