Электрмен үздіксіз жабдықтау және интернеттің сапалы жұмысы — Қазақстандағы екі үлкен мәселе. Егер бұрын күндізгі оқу формасы кезінде электр қуатының болмауы және интернетке қол жетімділіктің үзілуі әдеттегі қолайсыздық болып саналса, бүгінде бұл үлкен және елеулі мәселе болып табылады.
Атырауда екі оқушы үшін интернет сигналын «ұстап алу» әрекеті кезінде жарақат алған.
Орындалған тапсырмаларды мұғалімге жіберу немесе тапсырмалардды алу үшін, Атырау маңындағы ауылдардың кейбір оқушылары биікке көтерілуге тура келеді.
Күні кеше Қызылқоға ауданы Жантерек ауылының 10 жасар тұрғыны интернетке қосыламын деп, иығын сындырып алды.
Бала аулада тұрған трактордың үстіне шықты. Нәтижесінде ол иығын сындырып алды. Екінші оқиға Тасқала ауылында болған — жасөспірім тағы сол себеппен аулада салынып жатқан үйдің белтеміріне көтеріліп, білегін сындырып алған, — деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Руслан Жанбекеев.