Құқық қорғау органдары хабарлағандай, Алматы облысы Қорам ауылында мас күйінде төрт қызды қағып кеткен 54 жастағы «Уаз» жүргізушісі УҰС-қа қамалды.
2 наурыз күні сағат 18:40-та Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесінің қиылысында қыздарды қағып кетті: жол жиегінде тұрған 8 жастағы екі және 9 жастағы екі қызды. Салдарынан зардап шеккен үш бала түрлі дене жарақатымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды, төртінші қыз дәрігерлердікейінң қарауынан соң үйіне жіберілді, — деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-1 2-бөлімі «Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп нақтылады Алматы облысы ЖПД баспасөз қызметі.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.