Мұғаліміне балағат сөздер жазған оқушының әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде Қазақстанның Әкімшілік кодексінде қарастырылған .
Павлодар қаласының ювеналдық полиция тобының қызметкерлері кәмелетке толмағандарға қатысты және олар жасаған құқыққа қайшы әрекеттерге байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Бірнеше күн бұрын Павлодар мектебінің мұғалімі полицияға жүгінген. Әйел балағат сөздер жазған оқушысына шағымданған.
Оқушысы оған Whats app-та балағат сөздер жазған. Оны топтағы басқа оқушылар да оқыды. Кәмелетке толмағанға қатысты мұндай әрекет үшін ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды
Материал Павлодар облысының Кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Айта кету керек, биыл кәмелетке толмағандардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 33 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.