Оңтүстік Судан: Белгісіз індеттен 89 адам қайтыс болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Суданға Джонглей штатында белгісіз індеттен 89 адам қайтыс болғаннан кейін эпидемиологтар тобын жіберді.

ДДСҰ адамдардың неден қайтыс болғанын тексеріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

Өткен аптада Оңтүстік Судан Денсаулық сақтау министрлігі жақында су тасқынынан қатты зардап шеккен аудандардың бірінде белгісіз індеттен он шақты адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі басында тырысқақ деп ойлағанын, алайда зертханалық зерттеулерден кейін бұл диагнозды растамағанын атап өтті.

ДДСҰ Оңтүстік Суданға эпидемиологтар тобын жіберді

«Біз қауіпті бағалау және тексеру үшін жедел әрекет ету тобын жіберуді ұйғардық. Олар науқастардың үлгілерін жинайды. Алдын ала алынған деректер бойынша, 89 адам қайтыс болды», — деді ДДСҰ өкілі Шейла Байга.

Добавить комментарий