Оңтүстік Кореяның экс-дипломаты Чан Сон Мин КХДР көшбасшысының денсаулық жағдайы туралы айтып берді, атап айтқанда, Ким Чен Ын комада екенін мәлімдеді.
Сондымен қатар, КХДР басшысының қазіргі жағдайы өмірінің соңын білдірмейді.
Билік сабақтастығының толық құрылымы әлі қалыптасқан жоқ, сондықтан Ким Ё Чжон бірінші орынға шығады. Вакуум ұзақ уақыт бойы бола алмайды, — деді Чан Сон Мин оңтүстік кореялық БАҚ басылымдарына.
Экс-дипломаттың мәлімдемесі Оңтүстік Корея барлау қызметі кейбір өкілеттіктерді Ким Ё Чжон мен жақын көмекшілеріне берілетінін хабарлағанан кейін бірнеше күн өткен соң пайда болды.
Дегенмен, сарапшылар экс-дипломаттың мәлімдемесіне күмән келтіріп отыр. Себебі, Ким Не Ынның ұзақ уақыт болмауы, оның денсаулығы туралы қауесеттерді қозғаған алғашқы оқиға емес.
Сәуір айында КХДР басшысының жүрегіне ота жасағаны туралы хабарланды. Ел үкіметі ешқашан Ким Чен Ынның ұзақ уақытқа көрінбеуін түсіндірген емес.