2023 жылғы 17 сәуір, дүйсенбі күні Оңтүстік Корея мен АҚШ ауқымды бірлескен әуе жаттығуларын бастады, деп хабарлады Оңтүстік Корея әуе күштері.
Оқу-жаттығуға 60-тан астам оңтүстіккореялық әскери ұшақ, соның ішінде F-35A, F-15K және KF-16 жойғыш ұшақтары, сондай-ақ АҚШ әуе күштерінің 40-қа жуық ұшақтары, атап айтқанда F-16 жойғыштары, A-10 және F-35B теңіз корпусының шабуылдаушы ұшақтары, FA-18 реактивті ұшақтары қатысады.
Оқу-жаттығулар топтық ұшу және тікелей авиациялық қолдау операциялары сияқты әртүрлі оқу-жаттығуларды орындау арқылы одақтастардың алдыңғы қатарлы жойғыш ұшақтарының жедел үйлесімділігі мен біріктірілген жедел мүмкіндіктерін арттыруға бағытталады.
Корей түбегіндегі соңғы оқиғалар аясында оқу-жаттығулар ерекше шиеленісті жағдайда өтеді.
Бейсенбі күні КХДР жаңа қатты отынды «Хвасон-18» құрлықаралық баллистикалық зымыраны алғашқы сынақтан өткізілгенін хабарлады.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның айтуынша, Жаңа ҚБЗ, Солтүстіктің ядролық қарсы шабуылының тиімділігін айтарлықтай арттырады.