«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы ұсталды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Жамбыл облысындағы өрт және жарылыс фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«19 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы «Немқұрайлылық» бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы УҰИ-ға қамауға алынды», — деп хабарлады ІІМ.

Жамбыл облысында оқ-дәрі жарылысы бойынша ұсталған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов УҰИ-ден босатылды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

«Қарақұловты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажеттілігінің болмауына байланысты Бас прокурордың көмекшісінің қаулысымен УҰИ-ден босатылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

 

Добавить комментарий