Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне мерзімінен бұрын ұшып келген қоқиқаздардың видеосын жариялады.
Азамат Сәрсенбаев қоқиқаздар жылы жақтан қаңтар айында оралғанын атап өтті. Әдетте құстар Маңғыстау облысына сәуір айында оралатын.
«Биыл қоқиқаздар ерте елді», — деп жазды блогер.
Азамат Сәрсенбаевтың оқырмандары әдемі видео түсіргені үшін алғыстарын білдіріп, құстардың ерте оралғаны аяздың басылғанын білдіреді деп болжам жасады.
Мысалы, өткен жылы қызғылт қоқиқаздар Маңғыстау облысына 11 ақпанда оралған.
2022 жылдың 1 қарашасында маңғыстаулық блогер оңтүстікке ұшып бара жатқан қоқиқаз балапандарын түсірген.