Қоқан-лоқы көрсетудің қажеті жоқ: РФ-ның БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары ядролық қару барын еске салды

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Дмитрий Полянский Sky News-қа берген сұхбатында ядролық қаруды пайдалану мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Ресейге қоқан-лоқы көрсетіп, араласудың қажеті жоқ. Ядролық мемлекетпен қақтығысып қалсаңыз, әрине, оның салдары қандай болатынын ескеруіңіз керек», — деді Полянский.

Журналист дипломатқа Мариупольдегі Associated Press журналистері түсірген суреттерін көрсеткеннен кейін Полянский Ресейдің әрекеті екенін мойындаудан бас тартты. Оның пікірінше, Украина тарапы ұсынған видео мен фотоматериалдар — фэйк.

«Біз әу баста әскерилеріміз Украинаның бейбіт тұрғындарына қауіп төндірмейтінін айттық», — деп мәлімдеді Полянский.

«Ресейлік дипломаттардың осындай жаңалықтарды фэйк деп айтқан сөздері мен «жабайы» мәлімдемелері оларды және Ресейді өркениетті әлемнен одан әрі оқшаулайды», — деп жазады украиналық БАҚ.

Добавить комментарий