Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VI отырысында Түркі кеңесінің туристік астанасы мәртебесін Қоқан қаласына беру туралы ұсыныс қаралады.
Жүздесуге Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов, Түркия мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғызстан Премьер-министрінің орынбасары, Экономика және қаржы министрі Акилбек Жапаров, Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нагиев қатысуда
Өзбекстанның Қоқан қаласын Жібек жолының дамуына елеулі үлес қосқан түркі әлемі мен халықтарының дамуында ерекше орын алатын Түркі кеңесі елдерінің алғашқы «туризм астанасы» ретінде жариялау туралы бастамасын қолдау ұсынылды.