Онлайн режимінде барлық ниет білдірушілерді мемлекеттік органдардың басшылары мен парламент депутаттары қабылдайды. Шара Zoom платформасында өтеді.
Қазан айында азаматтарды қабылдау:
13 қазанда — парламент мәжілісінің депутаты, Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Глеб Щегельский;
14 қазан — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасов;
15 қазанда — парламент мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Татьяна Яковлева;
16 қазан — ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді;
20 қазан — парламент мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Зәуреш Аманжолова;
22 қазан — парламент мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Нұржан Әлтаев;
23 қазан — ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Ернар Оразбаев;
27 қазан — парламент мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ирина Аронова;
28 қазан — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов;
29 қазан — парламент мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зағипа Балиева;
30 қазанда — ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Қабылдауға қалай жазылуға болады. Телефон арқылы 8 (800) 080-44-41нөміріне жазылуға болады немесе «азаматтарды қабылдау» деген белгісі бар электрондық поштасына хат жіберуге болады.
Қоғамдық қабылдау туралы онлайн-форматта. «Бұл өте қарапайым әрі ыңғайлы тәсіл, себебі енді үйден шықпай-ақ, қандай да бір басшымен, депутатпен сөйлесіп, өзекті мәселелерге назар аударуға болады. Партия үшін басты басымдық азаматтардың денсаулығы болып табылады, сондықтан онлайн-формат Covid-19 таратпау бойынша санитарлық нормаларды сақтауға көмектеседі», — деді Nur Otan республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Сақтаған Сәдуақасов.