Құны 7 млрд теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Алматы облысында құны 7 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды.

Өңірлік прокуратура хабарлағандай, жер телімінің иесі кадастрлық құнды төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады.

Бұдан басқа, қадағалау органы заңсыз алынған жер учаскесін анықтады. Прокуратураның мәліметі бойынша, 2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған.

«Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады», — делінген прокуратура хабарламасында.

Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

 

Добавить комментарий