Nur Otan Саяси кеңесі бюросының отырысын өткізу 24 қарашаға белгіленді, 25 қарашада партия съезі өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев партияның съезін 25 қарашаға өткізуді тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарын сайлауды 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттардың сайлауы 2021 жылдың 11 қаңтарында өтеді.

Бұл 16 жыл ішінде мерзімінен бұрын емес, конституциялық мерзімде өтетін алғашқы парламент сайлауы. Бұған дейінгі сайлау мәжілістің өзін-өзі таратуына байланысты мерзімінен бұрын өткізілді.

Барлық алты саяси партия парламенттік сайлауға қатысатындықтарын мәлімдеді:
1. Басқарушы Nur Otan партиясы.
2. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы.
3. Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП).
4. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы.
5. «Бірлік» партиясы.

 

Добавить комментарий