НТВ «Крокустағы» теракт туралы УҰҚК хатшысының мәлімдемесіне қатысты дипфейк жариялады

Ресейлік НТВ телеарнасында Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов 22 наурызда Мәскеу маңындағы Крокус Сити Холлдағы атысты ұйымдастыруға Украинаның «қатысы бар» деп айтқаны туралы дипфейк таратылды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі жанындағы Жалған ақпааратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлады.

Аталған фейк ақпарат «Пул № 3» телеграм-арнасы және басқа да бірқатар арналарында («Звезда» телеарнасы және т.б.) жарияланды, содан кейін НТВ арқылы көрсетілді, сондықтан пропагандисттер көрермендерге Украинаның терактіге «қатысы бар» екеніне сендіруге тырысты.

«Бүгін Мәскеуде көңілді болды ма? Мен өте көңілді болды деп ойлаймын. Біз мұндай көңіл-күйді жиі сыйлағымыз келеді. Не дегенмен бауырлас халық қой, жақымндарымызды жиі қуантып, жиі барып тұруымыз керек. Демек, барып тұрамыз деген сөз», — деген-мыс Данилов жалған видеода.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының хабарлауынша, дипфейктің сапасы өте төмен, себебі видеодағы Даниловтың мимикасы мен сөйлегендері бір-бірімен үйлеспейді.

«Бұл фейкті жасау үшін олар 16 наурыздағы телемарафонда түсірілген кадрларды қолданды. Сондай-ақ жалған видеода Бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Будановты Алексей Даниловпен алмастырған», — делінген хабарламада.

Ал БББ аталған ресейлік фейк алдын ала дайындалғанын және сапалы графикалық дизаинмен жасалғанын айтып отыр.

«Әдетте ресейлік дипфейктер, тіпті ресми пропагандисттік арналарда пайдаланған дипфейктер де анағұрлым нашар сапада дайындалған», — деп атап өтті барлау ведомствосының өкілі Андрей Юсов.

Мұндай мәлімдемелер арқылы ресейліктер лаңкестік үшін жауапкершілікті украиндықтарға жүктемек.

Добавить комментарий