Норвегия Украинаға әскери медициналық автобустар берді

Норвегия билігі Украинаға НАТО механизмі арқылы әскери медициналық автобустар бергенін хабарлады.

Хабарланғандай, жедел жәрдем автобустары Киев НАТО-ның дүлей апаттарға ден қою жөніндегі Еуроатлантикалық үйлестіру орталығы (EADRCC) арқылы халықаралық көмек сұраған соң берілді.

Құны 3 миллион еуро көлеміндегі көммекті EADRCC орталығы Норвегиямен қаржыландыру келісімі арқылы үйлестірді.

Орталық жедел жәрдем автобустарына қажеттілік барын біліп, осы медициналық көмекті Украинаның Қорғаныс министрлігіне жеткізуге қол ұшын созды.

Бас хатшы Йенс Столтенберг сейсенбі күні Бухарестте өткен НАТО елдерінің сыртқы істер министрлерінің отырысынан кейін сөйлеген сөзінде Альянс Украинаны соңына дейін қолдайтынын айтты.

Дүлей зілзалаларға ден қоюды үйлестіру Еуроатлантикалық орталығы НАТО-ның еуроатлантикалық өңірдегі төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі басты механизмі болып табылады. Ол жыл бойы 24/7 режимінде жұмыс істейді. Оның жұмысына НАТО-ның барлық одақтастары мен серіктес елдері қатысады.

Орталық сұраныстар мен көмек көрсетуді үйлестіру үшін ақпараттық орталық ретінде жұмыс істейді.

 

Добавить комментарий