Норвегия Украинаға 8 бірлік Leopard танкісін және 4 жөндеу машинасын жіберді

Норвегия жіберген сегіз бірлік Leopard 2 танкісі Украинаға жеткізілді. Сонымен қатар, Норвегия танктерден бөлек, төрт жөндеу-эвакуациялау машинасын және оқ-дәрілер мен қосалқы бөлшектерге арналған құралдарды берді.

Норвегия Қорғаныс күштері танктер қарымта шабуыл жүргізу үшін маңызды қолдау екенін және Украинаға шабуылдау операцияларын жүргізуге және Ресей басып алған жерлерді қайтаруға көмектесетінін атап өтті.

АҚШ пен Ұлыбританияны қоса алғанда, барлығы тоғыз ел Украинаға 150-ден астам Leopard танкісін, сондай-ақ басқа да әскери техника береді.

 

Добавить комментарий