Нью-Йорктегі жекеменшік мектептердің бірінде Ньютонның түсіне байланысты ғалымның атымен аталған заңдарды атауды тоқтатты. Осылайша оқу орнында нәсілшілдікпен және ақ нәсілдің артықшылығымен күреседі.
«Біз енді оларды Ньютон заңы деп те айтпаймыз. Біз физиканың негізгі үш заңы деп атаймыз. Олар (мектеп әкімшілігі — редакция) бізге «ақ нәсілділікті орталықсыздандыру» керек дейді «, — деді жоғары сынып оқушыларының бірі басылымға берген сұхбатында.
Оның айтуынша, осылайша оқушыларға физикада Ньютоннан да артық нәрсе бар дегенді үйреткісі келеді.
Бұған дейін Орегон билігі мектеп бағдарламасында математикадан нәсілшілдік белгісін тапқаны хабарланған болатын. Осылайша, штаттың білім департаменті ақ нәсілділердің артықшылығы идеясы дұрыс жауап іздеуде көрінетінін мәлімдеді. Классикалық пәннің орнына «этноматематиканы» енгізу ұсынылды.