Николас Мадуро мұнай министрінің отставкасын қабылдады

Венесуэла президенті Николас Мадуро PDVSA мұнай-газ компаниясына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу амалдарың басталуы аясында мұнай министрі Тарек эль-Айссамидің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады.

Мадуро компанияжағы жемқорлықты «жоюға» уәде берді және тергеудің бірінші кезеңінде «ықпалды кәсіпкерлер, топ-менеджерлер, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар» ұсталғанын хабарлады.

Венесуэла Бас прокуратурасы бірнеше мемлекеттік қызметкер ұсталғаннан кейін тергеуді бастады, және ведомствоның мәліметі бойынша, «тергеліп жатқан қылмыстар биліктің әртүрлі тармақтары мен деңгейлеріне, елдің дамуы мен сот төрелігінің стратегиялық салаларына қатысты».

Добавить комментарий