Нигериялық әскерилер кепілдікке алынған адамдарды босатты

Нигерияның солтүстігінде соңғы жылдары лаңкестердің шабуылы жиілеп, жүзден астам адам құрбан болды. Бүгін солтүстік-батыстағы Кадуна штатында содырлар кепілге алған 13 адамның құтқарылғаны белгілі болды.

Бұл туралы ішкі қауіпсіздік және ішкі істер жөніндегі комиссар Сэмюэль Арувана хабарлады.

Оның айтуынша, әскерилер штаттың үкіметіне Чикун ауданында содырлар ұрлаған 13 адамның құтқарылғанын баяндады.

С. Аруван мәлімдегендей: «шаруа қожалығының 13 қызметкерін жұмысқа кетіп жатқанда кепілге алды. Әскерилер орманда бандиттердің ізіне түсіп. Барлық ұрланғандар құтқарылды».

Комиссар сондай-ақ шабуыл барысында содырлар екі адамды өлтіріп, шіркеуге өрт қойып, бірнеше үйді тонап кеткенін хабарлады.

Добавить комментарий