Нигерия: Бандиттер 17 адамды кепілге алды

Нигерияда қаруланған бандиттер мешітте Батсари қаласының (Кацина штаты) 13 тұрғынын өлтірді. Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәййкес, оларды намаз оқып отырған кезде атып өлтірген.

Шабуылдан кейін бірнеше сағаттың ішінде қаскөйлер қала тұрғындарының үйлерін тонады. Байланыс болмағандықтан тұрғындар полицияға хабарласа алмаған. Содан кейін қылмыскерлер жақын маңдағы Ругу және Джибиадағы орманға қашып кетті.

Соңғы айларда Нигерияның солтүстік және орталықтағы бірнеше аудандарында қарулы топтардың бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылы жиілеп кетті. Шабуылдардың ең көбі Замфара, Нигер, Кадуна, Сокото және Кацина штаттарында тіркелген. Бандиттер адамдарды өлтіреді, ақша талап ету үшін оларды кепілге алып жатыр, қорадағы малын ұрлайды, тұрғындарды қорқытып, оларға әр түрлі алым салуда.

Қалыптасқан жағдайға байланысты билік бандиттерге қарсы күресу үшін полицияның арнайы жасақтары мен армия бөлімшелерін пайдалануға мәжбүр. Жекелеген ауылдар мен кенттерді қорғау үшін жергілікті жасақтар құрылды. Бұл жасақтар тұрақты бөлімдерге қарулы қылмыскерлерді анықтауға және көзін жою бойынша операцияларды жүргізуге көмектеседі.

Добавить комментарий