Нидерландыда Еуроодақтың Ресейге қарсы салған санкцияларын айналып өтті деп айыпталған үш адам тұтқындалды. Нидерландының қаржылық және салықтық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі басқармасы күдіктілер заңсыз сауданың халықаралық желісіне кірген, олар Ресейге әскери мақсатта қолданылуы мүмкін электрондық және зертханалық жабдықтарды жеткізгенін хабарлады.
Күдіктілер 9 қаңтарда ұсталды, бұл Германия, Канада, Латвия және Эстония қатысқан халықаралық операцияның бір бөлігі болды. Операция нәтижесінде құжаттар, цифрлық ақпарат тасығыштар тәркіленді және күдіктілердің банктік шоттары бұғатталды.
NOS телеарнасының ақпараты бойынша, Ресейге тыйым салынған тауарларды Шығыс Еуропа елдері арқылы жеткізетін ETW-Tekhnologiya компаниясы күдікке ілінді. Ұсталғандар арасында компанияның бұрынғы екі басшысы мен бір қызметкер бар. Компанияның қазіргі директоры, Ресей азаматына іздеу салынды.
Аталған операцияны Еуропалық полиция агенттігі мен Әділет органдарының ынтымақтастық жөніндегі еуропалық агенттігі қолдау білдірді.