Нидерланд 118 миллион еуродан асатын сомада Украинаны қолдаудың екінші кешенді пакетін жариялады. Бұл қаражат гуманитарлық көмек пен елге экономикалық қолдау көрсету үшін пайдаланылады.
Нидерланд үкіметі «Европейская правда» жариялаған мәлімдемеде Украинаны қолдаудың жаңа пакеті бөлінгенін хабарлады.
Кешенді көмек пакеті аясында 2023 жылы Украинаны қолдау үшін Нидерланд үкіметі резервте қалдырған 2,5 миллиард еуродан 93 миллион еуро бөлу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, 83 миллион еуро Украинаның денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтіруге және жетілдіруге, соның ішінде дәрі-дәрмек сатып алуға және мобильді ауруханаларды қолдауға бағытталады. Тағы 10 миллион еуро Ресейдің Кахов ГЭС бөгетінің бұзылуының салдарын жоюға жұмсалады, ал қалған 875 мың еуро украиналық құқық қорғаушыларды қолдауға бағытталған.
Қолдау пакетінің екінші құрамдас бөлігі, 25 миллион еуро, негізінен ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау және денсаулық сақтау салаларында Украинаны қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдарға берілетін гранттарды қаржыландыруға бөлінеді. Гранттарды алуға өтінімдерді қабылдау қыркүйек айынан басталады.
Батыс Украинада құрылыс материалдарын шығаратын зауыт ашу үшін украиналық компанияға (атауы жария етілмеді) қосымша қаржылық қолдау көрсетеді.
Нидерланд Үкіметі кепілдік беру немесе сақтандыру механизмі арқылы Украинаға экспорттайтын немесе инвестициялайтын компаниялар үшін қауіптен сақтандыру мүмкіндігін қарастырып отыр.
Еске сала кетейік, сәуір айында Нидерланды жалпы сомасы 274 миллион еуро болатын Украинаны қолдаудың бірінші кешенді пакетін жариялаған болатын.
Айта кету керек, Украина аумағында кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы бері Нидерланд 1,6 миллиард еуро көлемінде әскери көмек көрсетті.