Нидерланды жалпы барлау және қауіпсіздік қызметі РФ әскери барлау қызметінің тыңшысы ұсталғанын хабарлады.
Ол Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа тағылымдамадан өту үшін жұмысқа орналасқан Оны Амстердамға келе салысымен ұстады.
Ресейлік азамат Виктор Мюллер Феррейра атын жамылып Гаагада тағылымдамадан өту үшін Бразилиядан Нидерландыға ұшып келген. Арнайы қызмет анықтағандай, оның шені офицер және Ресейдің бас барлау басқармасына жұмыс істейді. Ол ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп танылып, дереу Бразилияға қайта жіберді. Тыңшының шын аты-жөні — Сергей Черкасов, бірақ рас-өтірігі — белгісіз.
Reuters-тің хабарлауынша, Черкасов өзін бразилиялық екенін айтқан. Ол жағдай төмен отбасыдан шыққанын және электрондық транс-музыка тыңдайтын сүйікті клубын, арзан бұршақ бұқтырмасын жеген Бразилиядағы сүйікті мейрамханасын айтқан.
«Бұл ұзақмерзімді, көп жылдық БББ-ның операциясы, оған көп қаражат, энергия мен ақша кетті», — деп атап өтті голландиялық барлау қызметінің басшысы Эрик Акербум.
Шілде айында Гаагадағы халықаралық қылмыстық соттың құрылғанына 20 жыл болады. Сот әлемдегі ең ауыр қылмыстарды — геноцид, адамзатқа қарсы қылмыстар, соғыс қылмысы мен агрессия қылмысын тергейді. Сондай-ақ, сот Украинадағы әскери қылмыстар бойынша тергеу жүргізуде.