Нидерландтағы қалалардың бірінде етті жарнамалауға тыйым салынды

Харлем қаласының (Нидерланд) билігі қоғамдық орындарда етті жарнамалауға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Аталып өткендей, жергілікті басшылықтың пікірінше, ет өнімдерін тұтыну климаттық дағдарысқа алып келеді.

Харлем Амстердамның батысында орналасқан және халқы шамамен 160 000 адамды құрайды, 2024 жылдан бастап етті жарнамалауға тыйым салды. Қала билігі етті тұтыну климаттық дағдарысқа алып келеді деп есептейді.

Әлемде алғаш рет Харлем (Нидерланд) қаласында қоғамдық орындарда етті жарналауға тыйым салынды. Жергілікті билік мал шаруашылығының климатқа әсерін төмендетпек, деп хабарлайды The Guardian.

Заң 2024 жылдан бастап күшіне енеді. Етті қоғамдық орындарда автобустарда, үй-жайларда және экрандарда жарнамалауға болмайды.

Бастаманың авторлары бір жағынан климаттық дағдарыс туралы айтып, оған ықпал ететін өнімдерді сатып алуға шақыра алмайтындарын мәлімдеді.

«Егер олар ет жегісі келсе, онда біз қарсы емеспіз. Бірақ адамдарға климаттық дағдарыс туралы айтып, олардың себептерінің бір себебі болып табылатын өнімдерді сатып алуға түрткі бола алмаймыз», — деп есептейді GroenLinks партиясынан кеңес мүшесі Зигги Клазес.

Гринпис жүргізген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 2050 жылға қарай шығарындылардың таза нөлдік деңгейі бойынша ЕО мақсатына қол жеткізу үшін ет тұтыну жылына бір адамға шаққанда 24 келіге дейін төмендету керек. Нидерландыда бұл көрсеткіш 75,8 келіні құрайды.

Добавить комментарий