Нидерланд Парламенті РФ-ны терроризмге демеуші мемлекет деп тану туралы шешім қабылдады

Нидерланд өкілдер палатасы Ресейдің Украинадағы соғыс қимылдарына байланысты терроризмге демеуші мемлекет деп танылғанын мәлімдеді.

Аталып өткендей, шешім депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданды.
Шешімді Халық партиясы мен демократия, Еңбек партиясы, Христиан-демократиялық партия және «Жасыл солшылар» депутаттары қолдады.

Ресей армиясы Украинадағы азаматтық нысандарға құрылымдық және әдейі соққы беріп жатыр, делінген құжатта. Депутаттар сондай-ақ Украинаны гуманитарлық, дипломатиялық және әскери салаларда барынша қолдауға шақырды.

Нидерланды СІМ басшысы Вопке Хукстра елдің заңнамасы терроризмге демеуші мемлекет деп танылған елдерге ешқандай санкция салуды көздемейтінін түсіндірді. Сонымен қатар, ол Еуроодақтың басқа елдерінде немесе НАТО-да осындай қарар қабылданса, Ресейге осы мәртебені бірлесіп таңуға болатынын атап өтті.

23 қарашада Еуропалық парламент РФ-ны терроризмге демеуші мемлекет деп тану туралы шешім қабылдады. Қарарда Ресей Украинаның бейбіт тұрғындарына қарсы әдейі шабуыл жасағаны, азаматтық инфрақұрылым нысандарын жойғаны және мұндай әрекеттер терракті жататыны және әскери қылмыстар болып табылатыны айтылған. Еуропарламентарийлер аталған қарар президент Владимир Путин мен оның үкіметін халықаралық трибунал алдында жауапкершілікке тартуға негіз болатынын атап өтті.

Осыдан кейін Ресей Украинаға жаңа зымыран шабуылдарын жасады. Барлығы 67 снаряд ұшырылды, 10 адам қаза тапты, халықтың басым бөлігі жарықсыз қалды. Украина президенті Владимир Зеленский шабуыл Еуропарламент қабылдаған қарарға байланысты жасалды деп, Ресей құжатта айтылғандардың бәрі ащы шындық екенін бүкіл әлемге дәлелдегенін атап өтті.

Бұған дейін Ресейді Литва, Латвия, Эстония, Чехия терроризмге демеуші мемлекет деп таныған болатын.

Добавить комментарий