Несие тарихы мәселесін шешуге уәде беріп, ақшаны алып тайып тұрды

Алматыда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қазақстандықтардан несие тарихы мәселесін шешіп беремін деген желеумен ақша бопсалаған алаяқ ұсталды.

Қазір 10 алаяқтық фактісі тіркелді, бірақ полицейлер алданған адамдар көп екеніне сенімді.

Оннан астам адам полицияға арызбен жүгініп, күдікті азамат несие тарихын шешіп беруді ұсынып, жұмысы үшін олардан ақша алғаннан кейін ер адам қашып кеткен.

«Өзінің жұмысы үшін ол қомақты сомманы сұрады. Аңқау адамдардың ақшаны төлеп, күте тұруынан басқа амалы жоқ. Ақшаны алғаннан кейін ер адам белгісіз бағытта жасырынған. Қолындағы қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланды», — делінген хабарламада.

Күдікті ұсталды. Ол 30 жастағы Алматы облысының тумасы болып шықты. Алаяқтың әрекетінен тек Алматының ғана емес, еліміздің басқа қалаларының тұрғындары зардап шекті.

«Қазір алаяқтықтың 10 фактісі дәлелденді», — деп хабарлады Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Полицейлер алданған адамдар көп екеніне сенімді.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы — «Алаяқтық» бойынша тергелуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Добавить комментарий