30 мамыр күні таңертең Ресей елордасына камикадзе-дрондармен шабуыл жасады. Аталған ұшқышсыз ұшақтар шабуылы соғыс басталғалы бері Украина аумағындағы ең ауқымды шабуыл болды. Киев жоғарыда аталған шабуылға қатысы жоғын ресми түрде мәлімдеді. Кремльдің пікірінше, дрондармен жасалған шабуылдың артында Украинаның арнайы қызметтері тұр.
Украиналық саясаттанушылардың айтуынша, Ресей соғыс қимылдары басталғалы 15 айдың ішінде «өз аумағында түрлі арандатулар жүргізді».
Олардың пікірінше, Кремльге жасалған шабуылға қатысты провокация Ресейге ішкі аудиторияға соғысу керектігін көрсету үшін және азаматтарды кең көлемде мобилизациялау үшін қажет болған.
«Аталған оқиға РФ үкіметі ел азаматтарын соғысқа жіберуге көндіру үшін қолданатын тәсілдерге жатпайды. Ұшқышсыз ұшақтар шабуылының артында шын мәнінде Украинаның Қарулы Күштері тұрған болуы мүмкін. Мұндай қорытындыға келуге бірқатар себептерге байланысты», — деп сендіреді саясаттану саласындағы сарапшылар.
Бірінші себеп ретінде олар Мәскеудің халықтың өміріндегі рөлін атайды. «Ресейде барлығы орталықтандырылған, елордаға бағынышты. Соғыс қимылдары қала тұрғындарына қатысты емес, — деп жазады саясаттанушылар. — Ресей билігіне Украинамен шектесетін қалаларда не болып жатқаны маңызды емес. Аталған қалалар ұшқышсыз ұшақтар шабуылдарына, артиллериялық атқылауға ұшырауы мүмкін, бірақ Мәскеуде мұндай оқиға орын алмауы тиіс. Егер мұндай жағдай РФ астанасында орын алатын болса, бұл азаматтардың жаппай наразылығын тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде ел билігіне айқын қауіп төндіреді. Медиазон басылымы жариялаған «қаза тапқан әскерилердің картасына» көз жүгіртетін болсақ, онда қаза тапқан мәскеулік әскерилердің саны аз, бұл ретте РФ астанасында шамамен 12 миллион адам тұрады (Ресейдің жалпы халқының 9%-дан азы)».
Мамандардың айтуынша келесі себеп — Ресей үкіметінің реакциясы. «Путиннің бұл шабуылға жылдам реакция білдірді. Бұрындары басқа да төтенше жағдайларға ол пікір білдірмей, үнсіз қалған. Мәселен, Украинаның «Орыс еріктілер корпусы» диверсиялық-барлау тобы Украина тарапынан Ресей аумағына кірген кезде ләм-мим демеді. РФ президенті Кремльге (2021 жылы 3 мамырда) шабуыл жасалғаннан кейін бір апта өткен соң ғана түсініктеме берді. Путин жаппай шабуыл мәскеуліктердің наразылығы мен түсініспеушілігін тудыруы мүмкін деп қауіптенуіне байланысты пікір білдірген болуы мүмкін. Сонымен қатар, Путин ядролық қару қолданады деп және «РФ әскері нағыз соғысты бастайды» деп те қоқан-лоқы көрсеткен жоқ.
Ресейлік БАҚ-тың реакциясы 2023 жылғы 30 мамырдағы Кремльге жасалған шабуыл Украинаға тиімді екені үшінші себеп болып аталды.
«Бұрын Кремль пропагандасы қалай болғанда да қарымта жауап береміз деп қоқан-лоқы көрсететін, ал енді ешнәрсе демей отыр. Керісінше, Мәскеуге жасалған соққылар «әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі сәтті атып түсірді», «шұғыл қызметтер сапалы жұмыс істеді», «провокация өз мақсатына қол жеткізе алмады» және т.б. жағымды жаңалық ретінде айтылды. Аталған шабуылды ешкім талқылап жатқан жоқ. Тек Мәскеу тұрғындарын шабуылдан қорғап қалғаны туралы ғана айтылып жатыр. Осылайша, соғыс қимылдары Ресей астанасына жетті. Бұл Мәскеуге жасалған соңғы шабуыл емес екені айдан анық», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.