Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный не үшін аштық жариялады

Оппозиционер Алексей Навальный алаяқтық жасады деген айыппен түрмеде отыр. Жазаны орындау қызметінің ережелерін үнемі бұзғаны үшін шартты мерзімі нақты мерзімге ауыстырылды. Оның төңірегінде болып жатқан жағдайлар ел ішіндегі және РФ аумағынан тыс жерлердегі жақтастарында көптеген сұрақтар тудырады.

З1 наурыз күні Алексей Навальный Покров қаласындағы колониядан тағы бір мәлімдеме жасады. Оппозиционер аштық жариялады, оған жеке дәрігерді жіберіп, туыстары әкелген дәрі-дәрмекті беруді талап етеді. Белгіленген заңнамаға сәйкес, қамауда отырған адамдар мамандандырылған дәріханада жазып берген кез келген дәріге тапсырыс бере алады. Навальныйдың бұл мүмкіндікті неге қолданбағаны түсіндірілмеді. Саясаткер бұған дейін белі ауырып, оң аяғы ұйиды, ал сол аяғының жекелеген бөліктерінің сезімталдығын жоғалтқанын айтқан болатын. Сондай-ақ, Навальныйдың аштық жариялағаны туралы әлеуметтік желілердегі жазбасына оппозиционердің колония бастығының атына жазған мәлімдемесі қоса берілген. Бұл өтініште ол заңға сәйкес дәрігердің медициналық көмекке, тексеруге және консультацияға толық құқығы бар екенін айтқан. Сондай-ақ Алексей ұйқы бермейтінін хабарлады.

Әлеуметтік желідегі осындай мәлімдемелер мен жазбалардың мақсаты, халыққа Ресей билігін қатыгез және жемқор етіп көрсету.

Владимир облысы бойынша ЖАФҚ басқармасы МРТ-мен жүргізілген зерттеу диагностикасына сәйкес, Алексей Навальный барлық қажетті медициналық көмекті колонияда алып жатыр, ал 8 сағаттық ұйқы құқығын ешкім бұзбады деп Навальныйдың мәлімдемесіне жауап берді.

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Навальный туралы кез келген сұраққа Кремль ресейлік колониялардағы тұтқындарды бақыламайды деп жауап береді. Бірақ кейбір БАҚ оппозиционердің мәлімдемелеріне қатысты пікірлері, оппозиционердің әлі де ауыртпалық тудыратынын аңғартады.

Екінші сәуірде бірден үш басылымда: саясаткердің қандай жағдайда жазасын өтеп жатқаны туралы материал RT, РИА Новости және Life-та шықты. RT және РИА Новости өкілдері сюжет жасау үшін Покров қаласындағы ТК-2 барған. Аталған БАҚ материалдарында Навальный және басқа да тұтқындар ұсталатын үй-жайлар кең, барлық жері тап-таза әрі күннің көзі түсіп тұрғаны айтылған. Сондай-ақ, қамауда отырған адамдар бос уақытын өткізу үшін барлық жағдай жасалған, атап айтқанда, храм, спорт алаңы, оқу корпусы бар. Сондай-ақ, Навальный жұмыс істемейді, колония қызметкерлеріне қарсы шығып, өзінің әрекетімен камерада шиеленісті жағдай туғызады деп атап өтілген.

Оппозиционердің серіктестері Леонид Волков пен ФБК директоры Иван Жданов оппозиционердің аштық жариялауы ең соңғы шара деп есептейтінін мәлімдеді. Мария Певчих те твиттерде дәл осындай пікір білдірді. Ол Навальный бостандықта жүрген кезде аштық акциясын радикалды саяси әрекет деп айтқанын жазды. Бұл туралы ФБК-ның қызметкері Георгий Албуров та жазды.

Навальный ұзақ жылдар бойы оппозицияда болып, билікті ауыстыруды үгіттеп келеді. Оның аштық жариялап, осындай қадамға баруы, өз шешімін өзгертіп немесе кері шегінуі екіталай. Саясаткердің жақтастары осылай деп есептейді.

Добавить комментарий