Неліктен Ресей Украинаға зымыран шабуылдарын жалғастыруда


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/01/speech-46362-1673848909-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ресей 10 қазанда көктемнен бері алғаш рет Украинаның көптеген қалаларына жаппай зымыран шабуылын жасады. Содан бері Кремль азаматтық инфрақұрылымға жүйелі түрде соққы жасап, энергетикалық нысандарды толық қалпына келтіруге кедергі келтіруде. Бұл украиналық тұтынушыларды сумен, жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етуде қиындық туғызуда.

29 желтоқсанда Ресей Украинаға оныншы зымыран шабуылдарын жасады. Айта кетерлігі, Кремль бұнымен тоқтап қалған жоқ және жаңа жыл қарсаңынла тағы бір шабуыл жасады.

Ресей әскерилері 31 желтоқсанда кезекті жаппай зымыран шабуылын жасады — зымырандар кемелер мен бомбалаушылардан ұшырылды. «Айта кету керек, украиналық әскерилер мұндай шабуылдарға тойтарыс беруге бейімделіп қалды. Мәселен, 29 желтоқсанда Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күші 80 пайызға жуық соққыны тойтарып, залалды азайта алды, ал 31-і күні украиналық қорғаушылар зымырандардың көбісін атып түсірді», — деп хабарлайды әскери сарапшылар.

Фото: Сарапшылар мен саясаттанушылар неліктен Ресей Украина аумағын атқылап, маңызды инфрақұрылымға зымыранмен шабуылын жасап жатқанын айтты.

Сонымен қатар, РФ 2 қаңтарға қараған түні ирандық ҰҰА көмегімен шабуыл жасады.

Украиналық БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, РФ-да жоғары дәлдікті зымырандар тапшылығы байқалып отырғанын хабарлайды. «Мәскеу өзінің стратегиялық қорын қолдана бастады, ол нормативтік құжаттар бойынша зымырандардың жалпы санының кемінде 30%-ын құрауы тиіс, ал санкциялардың салдарынан олардығ орнын тез арада толтыра алмауда. Осылайша, Украинаның маңызды инфрақұрылым нысандарына көбінесе ұшқышсыз басқарылатын ұшақтармен шабуыл жасалады», — деп жазады сарапшылар.

Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы РФ Украинаның қалаларына шабуыл жасау қарқынын ұстап тұру үшін қару-жарағын (жауынгерлік дрондар және зымырандармен жасалатын шабуылдар) біріктіреді деп болжап отыр. Айта кету керек, аталған шабуылдар қымбатқа түседі. Мәселен, РФ сарапшыларының бағалауы бойынша Украина аумағына шабуыл жасау үшін жарты миллиард доллардан миллиард долларға дейінгі сомадағы зымырандар мен ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар ұшырылады.

Олардың пікірінше, зымыран шабуылдарына Украина әскерінің сәтті қарымта шабуылы, Ресей әскерінің кері шегінуі және қатаң санкциялық саясат себеп болды.

«Ресей осылайша Украинаны келіссөздер процесіне көндіруге тырысып жатқанын жасырмауда», — деп түсіндірді батыстық саясаттанушылар.

Фото: Сарапшылар мен саясаттанушылар неліктен Ресей Украина аумағын атқылап, маңызды инфрақұрылымға зымыранмен шабуылын жасап жатқанын айтты.

«Бірақ миллиондаған шығындарға қарамастан, шабуылдар Кремльге ешқандай пайда әкелмеуде — украин халқы психологиялық тұрғыдан сынбады, ал соғыс алаңында қалыптасқан жағдай РФ әскері үшін ушығып барады. Мәселен, жаппай зымыран шабуылдары кезінде украиндықтар Украинаның Қарулы Күштерін қолдау үшін түрлі қорларға белсенді түрде қаражат аударды. Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі украиндықтардың өз жерлерін жау күштеріне беруге қарсы екенін көрсетеді», — деп хабарлайды сарапшылар.

Саясаттанушылар Украинаға жасалған шабуыл РФ-ның тоқсаныншы жылдардың басынан бері жалғасып келген батыс елдерімен экономикалық байланыстарына сызат түсіріп, Ресей әскері айтарлықтай шығынға ұшырағанын, олардың орнын толтыру үшін кемінде бес жыл қажет болатынын айтып отыр.

Добавить комментарий