Неліктен Еуропа грузин ірімшігін кіргізбеуде

Тоғыз жыл бұрын қол қойылған Грузияның Еуроодақпен қауымдастығы туралы келісім екіжақты сауда үшін жаңа перспективаларға жол ашты. Алайда Грузиядан келетін сүт өнімдері еуропалық нарыққа кіре алмауда. Негізгі себептердің бірі «егістіктен дастарханға дейін» сүтті бақыланбауы және Брюссельдің стандарттарына сәйкес келмеуі.

Сарапшылардың айтуынша, Грузиядағы сүт өнімдерінің 95 пайызы тіркелмеген кәсіпорындарда өндіріледі, бұл оның сапасы мен қауіпсіздікті бақылауды қиындатуда. Өндірістің бақыланбауы тұтынушылардың сенімздігін тудырып, грузин ірімшігінің әлемдік нарыққа шығуына кедергі келтіреді.

Қиындық тудырып отырған мәселелердің бірі реттеуші органдар тарапынан жауапкерсіздігі, бұл кәсіпорындарды тіркеуді және санитарлық нормаларды сақтауды бизнес үшін тартымсыз етеді. Жағдадйың бұлыңғыр болуы мен жоғары шығындар да кәсіпкерлерді өз өнімдерін сәйкестендіру мен таңбалауға кедергі келтіреді.

Грузия үкіметі сүт пен ірімшік сатушылардың 95% тіркелмегенін, бірақ сонымен бір мезгілде ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты өнім сапасын мемлекет толық бақылауды қамтамасыз ете алмайтынын растады. Стандарттарды сақтау үшін жауапкершілік өндірушілердің мойнына жүктеледі, бірақ бизнесмендер ел билігі жеткілікті қолдау көрсетпей отырғанын айтып отыр.

Грузиядан келетін сүт өнімдері еуропалық нарыққа кіруі үшін өндірістік және іскерлік аспектілерді мұқият зерттеуді қажет ететін рұқсат беру процедурасынан өту қажет. Бірақ Грузия әлі күнге дейін сүт өнімдерін еуропалық дүкен сөрелеріне қою үшін бұл процесті бастаған жоқ.

Осылайша, грузин ірімшігін Еуропаға экспорттаудағы кедергілер бақылау жүйесінің жетілмеуіне және тиімді мониторинг үшін ресурстардың болмауына байланысты. Бұл проблемалар шешілмейінше, грузиялық өндірушілерге еуропалық нарыққа кіріп, халықаралық сатып алушыларды тарту қиынға соғады.

Добавить комментарий