Украина аумағында соғыс қимылдары басталғаннан кейін 11 ай өткен соң Киевтің одақтастары Украина армиясына танк жеткізу туралы шешім қабылдады. Жақында Германия үкіметі Украинаның Қарулы Күштеріне Leopard-2 жауынгерлік танктерін беру туралы шешім қабылдады және серіктес елдерге олардың қару-жарағында тұрған аталған модельдегі танктерін беруге рұқсат берді.
Украинаның батыс одақтастары аталған шешімді қабылдау үшін 11 айға слзылған қантөгісті ұрыс қимылдары қажет болды. «Батыстың Украина армиясына қару-жарақ жеткізуге сақтықпен қарауы екі нәрсені білдіреді. Біріншіден, НАТО-ның Ресейге қарсы соғыс ашып, оның аумағына баса көктеп кіргісі келмеді. Егер олар қаласа Украинаны санаулы апталардың ішінде түрлі заманауи ауыр қару-жарақпен «қамтамасыз»ете алар еді. Екіншіден, ай сайын Киевке көрсетіліп жатқан әскери қолдау күшейіп келеді, бұл одақтастарының соғысқа және ресейлік шенеуніктердің қоқан-лоқысына жауап. Украинаға жоғары технологиялық заманауи қару-жарақ жіберіліп жатқаны — бұл бірінші кезекте Путиннің «арқасында», — деп мәлімдеді украиналық саясаттанушылар.
Кең ауқымды соғыстың алғашқы апталарын еске алатын болсақ, батыстық одақтастардың Украинаға қару-жарақ жеткізуге қатысты ұстанымы айқын еді. Батыс тасымалданатын танкіге қарсы және зениттік зымыран кешендерін, гранатометтерді, атыс қаруларын, броньды кеудешелерді, каскаларды және т.б. беруге дайын болды.
2022 жылдың көктемінде одақтастар Украинаға кеңестік ескі қару-жарағын жеткізе бастады. Украиналық саяси технологтар бұл әрекеттер «одақтастардың Украина өз егемендігін қорғай алатынына сенімді болуының нәтижесі» деп мәлімдеді.
Сәуір айының соңында Аустралия үкіметі Киевке 155 мм калибрлі алты жеңіл сүйрейтін М777 гаубицасын және олардың оқ-дәрілерін беру туралы шешім қабылдады. Бұл УҚК заманауи батыстық ауыр қару-жарағы алған алғашқы оқиға. Әскери тұрғыдан алғанда алты гаубица соғыстың барысын өзгерте қоймас, Аустралияның шешімі басқа елдерді Украинаға түрлі заманауи қару-жарақ пен олардың оқ-дәрілерін беруге ықпал етті.
«Келесі кезең — түпкілікті стратегиялық, психологиялық, саяси бетбұрыс. Украинаның Қарулы күштеріне HIMARS дүркіндете ататын реактивті қару жүйесін жеткізе бастады. Оларды жеткізу батыс мемлекеттерінің Украинаны қолдаудағы концепциясының өзгеруіне алып келді.
Енді Украинаға ауыр қару-жарақ берудің жаңа кезеңі басталды. «Жақын арада батыстың заманауи бомбалаушы мен жойғыш ұшақтары УҚК-ға жеткізілуі мүмкін. Батыс мемлекеттерінің Украинаға қолдаудың күшеюі олардың өз тәуелсіздігін сақтап қалуға қауқарлы болғаны үшін ғана емес, сондай-ақ Ресей тарапынан барған сайын күшейіп бара жатқан агрессия да себеп болды», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.
Кремль ядролық қаруды қолдануға дайын екенін айтып, Запорожье атом электр стансасымен қоқан-лоқы жасап — әлемге жаңа ядролық апат қауіп төндірді, сондай-ақ Путин режимі азық-түлікті қару ретінде пайдаланды, ал соңғы бірнеше ай ішінде нағыз қанды терактілерді жасады — Украинаның маңызды энергетикалық инфрақұрылымына жаппай зымыран шабуылдарын жасады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Батыстың Киевке әскери қолдау көрсетуді жалғастыруға және оның көлемін ұлғайтуға мотивация болып отыр.