Үндістаннан келгендер карантинге жатқызылады

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның, атап айтқанда, әсіресе, қауіпті үнді штаммының таралуын болдырмау үшін қосымша карантиндік шаралар қабылданды.

Күн сайын 400 мыңға дейін инфекция тіркеліп жатқан Үндістандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Үндістанда кең таралған штаммның елге келуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдады. Соңғы 14 күнде Қазақстанға, соның ішінде үшінші елдер арқылы Үндістаннан келген адамдар COVID-19-ды жоққа шығаратын ПТР-анықтамасы мен вакцина алғандығы туралы құжаты бар-жоғына қарамастан, үйінде 14 күнге оқшаулануға міндеттеледі, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы үкімет отырысында.

Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, өткен аптада сырқаттанушылық 2%-ға төмендегені, өлім-жітім көрсеткіші бұрыңғы деңгейде.

Добавить комментарий