Ресейде Үндістанда белсенді түрде таралып жатқан ауру анықталды. COVID-19 пациенттерінде қауіпті «қара көгеруге» шалдығу жағдайлары анықталды.
Коронавирус жағдайының өршуі аясында Үндістанда қара көгеру деп аталатын ауру таралып жатыр.
Мукормикоз — барлық жерде таралған микроскопиялық саңырауқұлақтар (мукормицеттер) тудыратын сирек кездесетін саңырауқұлақ инфекциясы. Олар топырақ бетінде тіршілік етеді, оларды көбінесе шіріген өсімдіктер мен көкөністер бөліп шығарады.
Бұл инфекция мұрынды бітеп, көзге және тыныс алу органдарын зақымдайды. Ауру мұрын айналасында және қуысында дамиды, сондай-ақ көзге таралады. Зақымданған жерлерде тері некрозынан өзіне тән қара дақтар пайда болады, әсіресе мұрын айналасында байқалады.
Бұл індетті тек Үндістанның проблемасы деп атауға болмайды, себебі ауру барлық елдерде кездесіп жатыр және Ресей де тіркелді, деп хабарлады И.И. Мечников атындағы СЗГМУ клиникалық микология, аллергология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Николай Климко.
«Біздің елімізде мукормикоз сирек кездеседі, көбінесе онкогематологиялық пациенттерде болады. Қазір Үндістандағы жағдайды Ресейдегімен салыстыруға келмейді. Менің білуімше, COVID-19-ға шалдыққан науқастарда мұқормикоз жағдайлары болған. Қазір осындай бір науқас біздегі микологиялық клиникада ем қабылдап жатыр, оның жағдайы жақсарады деп үміттенемін «, — деді ғалым.
Алайда, бірқатар пациенттердің осы індетке шалдығуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды, деп нақтылады ол. Бірінші кезекте мукормикоз иммунитеті төмен адамдарға қауіпті, деп атап өтті маман. COVID-19 науқастарында инфекция әдетте декомпенсацияланған қант диабеті аясында дамиды, деді Николай Климко. Үндістанда сырқаттанушылық жоғары, себебі науқастардың саны көп.