Үндістанда 17 күн жер астында болған жұмысшылар құтқарылды

Үндістанда ауқымды құтқару операциясы аяқталды: Уттаракханд штатында құлаған туннельд 17 күн болған 41 жұмысшы шығарылды. Құтқарылған ер адамдар алғашқы медициналық көмек алу үшін денсаулық орталығына жеткізілді.

Құтқару операциясы күрделі жағдайда өтті. Құтқарушылар жаңа қиындықтармен бетпе-бет келді, себебі оқиға орнына баратын әрбір жаңа туннельдердің құлау қаупі болды, ал металл тосқауылдарға байланысты бұрғылау қиын болды. Соңғы 5 метрді қолмен бұрғылауға тура келді.

Жүздеген құтқарушылар, шахтерлер мен әскерилер жер астында қалған жұмысшыларды құтқару операциясына қатысты. Жергілікті тұрғындар барлық қатысушыларға қолдау көрсетіп, құтқаруға өз үлестерін қосты.

Штат билігі жер астынан шығарылған барлық жұмысшыларға қаржылай көмек көрсетуді уәде етеді. «Чар-Дхам» көлік жобасының бір бөлігі болатын ұлттық тас жолында ұзындығы 4,5 шақырым болатын туннель құлады. Оқиғадан кейінгі алғашқы күндері құтқарушылар жұмысшыларға тамақ, ауыз су және оттегі жеткізу үшін арнайы құбырды пайдаланды.

Добавить комментарий