Үндістан: жасыл зең ауруының алғашқы жағдайы тіркелді

Үндістанда «жасыл зең» індетіне шалдығудың алғашқы жағдайы тіркелді.

Үндістанның Индордағы Мадхья-Прадеш штатында COVID-19-дан айығып шыққан 34 жастағы науқасқа саңырауқұлақ індетін жұқтырды деген диагноз қойылды. Бұл туралы Шри Ауробиндо Медицина ғылымдары институтының дәрігері Рави Дози хабарлады.

«Науқастың өкпесінде жасыл саңырауқұлақ инфекциясы (Aspergillus тұқымдас саңырауқұлақ) анықталды. Бұл елдегі жасыл саңырауқұлақтың алғашқы жағдайы», — деді дәрігер.

Жасыл саңырауқұлақтар — бұл аспергиллез, Aspergillus тудыратын инфекция, ол ғимарат ішінде және ашық ауада кең таралған зеңнің бір түрі. Ең көп таралған формасы — бұл аспергиллома және өкпенің инвазивті аспергиллезі.

AIIMS директоры Рандип Гулерия мукормикозды түсімен емес, оның атауы бойынша анықтаған дұрыс деп мәлімдеді.

«Бір саңырауқұлақтың әртүрлі түстермен атау шатастыруы мүмкін. Мукормикоздың COVID-19-дан айырмашылығы жұқпалы ауру емес. Мукормикозды жұқтырған науқастардың шамамен 90-95 пайызы диабетпен ауыратындар немесе стероидтар қабылдайтындар», — деп түсіндірді Гулерия.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирустан сауыққан және басқа да науқастардағы «жасыл зең» әртүрлі екенін білу үшін қосымша зерттеулер қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанда COVID-19-дың басқаша жанама әсерлері байқалған. Осылайша, үндістандық дәрігерлер коронавирустан емедліп шыққан адамдар арасында «қара зең» (мукормикоз) ауруы тараған еді. Дәрігелер саңырауқұлақ ауруына шалдыққан мыңдаған адамның екі немесе бір көзін алып тастауға мәжбүр болған. Содан кейін «қара зең» індеті аясында одан да қауіпті «ақ зең» пайда болды. Кейінірек Үндістанда пациенттерде зеңнің үшінші түрі анықталды.

Добавить комментарий