Үндістан премьер-министрі АҚШ президентімен кездесуден кейін Украинадағы қақтығысты шешуге көмек көрсетуге уәде берді

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди Украинадағы қақтығысты шешуге бағытталған кез келген күш-жігерді қолдауға дайын екенін білдірді.

Ол АҚШ президенті Джо Байденмен Вашингтонда болған кездесуден кейін осылай деп мәлімдеді.

Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында Моди Украинадағы қақтығысты шешудегі диалог пен дипломатия маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, Үндістан бейбітшілікті қалпына келтіруге өз үлесін қосуға дайын екенін айтты. Байден онымен қақтығыстың  гуманитарлық салдары және Аустралия мен Жапония кіретін қауіпсіздік жөніндегі төртжақты диалог (QUAD) аясындағы қауіпсіздік мәселелерін талқылағанын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар экономикалық және сауда мәселелерін, сондай-ақ басқа да халықаралық және дипломатиялық тақырыптарды талқылады. Нарендра Моди Нью-Йоркке келіп, Джо Байденмен келіссөздер жүргізу үшін Вашингтонға аттанды, сондай-ақ америкалық Эндрюс әуе базасына барды. Моди АҚШ-қа сапары аяқталғаннан кейін Мысырға аттануды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий